МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «…Келешекте ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырда лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деп атап көрсеткен еді. Ұлттың лайықты қасиеттері адам бойында ана тілімен ғана тамыр жаятыны белгілі. Сол себептен, жаңа ғасырда рухани жаңғыруға қол жеткізуде мемлекеттік тілді білу, оны жоғары деңгейде меңгерудің маңызы бұрынғысынан да арта түсті.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы жөніндегі ақпарат