ONLINE SERVICES
MIA RK- DEPARTAMENT ACTIVITY- СПАСИБО, ПОЛИЦЕЙСКИЙ!


543939 06-04-2019 - 14:11 Шуриева Гулбаржан


Қазақстан Республикасының Ішкі Іштер министрі Полиция Генерал-майоры Тургумбаев Ерлан Заманбековичке Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының тұрғыны, мал шаруашылығымен айналысатын ұлым Шора Ғалымжан Қуанғалиұлы 3 сәуірде жоғалған малын іздеп ауылдан шығып кеткен. Алайда машинасы бұзылып қалып далалық аймақта жалғыз қалады. Ауа райы бұзылып күн қатты нөсер жаңбыр басталады. Мал жауыннан ықтап қаша бастайды. Малмен бірге ықтап елсіз жерде адасып кеткен. Ауылдың әкімі көмекке келіп трактор, машинамен күні-түні іздеп шыққанмен таба алмадық. Амалымыз таусылғасын, Атырау облыстық Ішкі істер органына хабарласып, елсізде жоғалған ұлымды табуға көмек сұрап арыз жаздық. Атырау облыстық Дүйсембаев Аян басқарған Ішкі істер департаменті, шұғыл шешім қабылдап, Төтенше жағдай полковнигі Өмірзақов Сағынбек тік ұшақ жіберіп елсізде жоғалған ұлымды үш күн, үш түн өткеннен кейін, аман-есен тауып берді. Ұлым аман табылғасын, қуанышымда шек жоқ. Төтенше жағдай кезінде, дер кезінде көмекке келген, Жеке Сізге, Сіз басқарып отырған Ішкі істер органына полковник А. Дүйсембаевқа, С. Өмірзақовқа шексіз алғыс айтамын.

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы Көп балалы «Алтын Алқа» иесі, «Батыр АНА» Шуриева Сара



522857 14-11-2018 - 13:25 Шарапиев Аскарбек


Құрметті Қалмұхамбет Нұрмұхамбетұлы! Мен Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғынымын. Есімім Мұрат Мұшағалиев. Күні кеше біздің ауылда керемет, жастарға үлгі боларлық көлемді шара өтті. «Қазіргі заман қаһарманы» деп аталатын бұл шараның ең бастысы, жастарға берері мол-ақ. Еңбек жолын түгелдей құқық қорғау саласына арнаған мен сияқты ардагерлер, залға жиналған жас ұрпақ осындай мазмұнды шараны селт етпей, үлкен ықыласпен тамашаладық. Көпшіліктің алдында ерліктері ұлықталған 15 қаһарманымыздың келбеті бүгінгі заманның полицейлеріне деген халықтың құрметін арттырды.

Ерліктеріне көпшілік бас иген тәртіп сақшыларына осы кеште алғыс шексіз болды. Алған әсеріміз шексіз. Көп кезде жұртшылыққа байқала бермейтін біздің жұмысымыздың қиындығы, бейбіт күннің тыныштығын сақтау қаншалықты маңызды екендігі анық көрсетті. Полиция қызметкерлерінің абыройын, мәртебесін арттырған теңдесі жоқ шара деп баға беремін. Осындай шараны ұйымдастырған азаматтарға сала ардагерлері, жалпы Жайық жұртшылығы атынан мың да бір рахметімді айтамын. Елімізде тек тыныштық пен жақсылық болсын! Осындай жұмыстарыңыз әрдайым жалғасын таба берсін деймін.

Мың алғыс сіздерге!



Құрметті Ерлан Заманбекұлы!


ҚР Ішкі істер министрлігінен біздің отбасыға көрсетіліп отырған ықылас үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз!

Өзім Жұманғали Өмірсерік, Көкшетау қаласы полиция басқармасында әр түрлі қызметті орындаушы ретінде қызмет етемін. Жұбайым Ботагөз екеуіміз 4 баланы өсіріп, тәрбиелеп отырмыз. Қазір бір өзім ғана еңбек етудемін.

Ағымдағы жылдың 14 мамырында Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Берік Сұлтанғазыұлы Біләлов үйіме келіп, тосын сый жасады, азық-түлік пен балаларға ойыншықтар сыйлады. Хал-жағдайымызды сұрап, болашақта да қол ұшын созып, көмек көрсетілетініне уәде етті. Мұндай жылы сөздер біздің еңсемізді бір көтеріп, қызметті одан әрі адал атқаруға күш берді.

Сіздің, полиция халыққа жақын, әрі полиция қызметі әрқашан ашық болуы тиіс деген тапсырмаңыз орындалып, игі істер жасалуда. Соңғы кездері мемлекеттік органдардың көп балалы отбасыларға айтарлықтай көмек көрсетіп жатқандығы туралы естіп жатамын. Қарапайым адамдарға көп көңіл бөліне бермейтіні анық қой, алайда, жоғары лауазымды адамдардың осындай көңіл-ілтипаты бізді бір қуантып тастады.

Сіздер ел ішінде тәртіпті сақтап, қылмыспен күресудің бастауында тұрсыздар. Бұл өте маңызды да қауіпті қызмет.

Сізге қызметте әрдайым биік белестерден көрініп, иығыңыздағы жұлдыздар саны өсе берсін дегім келеді, отбасыңызға береке, ісіңіз алға баса берсін деймін!

Жұманғали Өмірсерік



582189 25-11-2019 - 11:28 Абжанов Аслан


Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі генерал-лейтенант Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлына. Алғысхат Құрметті Ерлан Заманбекұлы! Менін ұлым Қалмахан Бақбаев 1995 жылдын 7 сәуірінде тәжік-ауған шекарасында Отан алдындағы борышын өтеп жүріп апат болды. Осы күнге орайластырып, бүгінде Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы қапияда қаза тапқан жауынгерлер рухына арнап, түрлі еске алу шараларын ұйымдастрып келеді. Сондай игілікті істің бірі жақында ғана жүзеге асты. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолдауымен «KAZBAT» көркем фильмінің түсіріулі еді. Шымкент қаласында өткен фильмнің тусаукесеріне келінім Эльмира мен немерем Жанель – үшеуміз құрметті қонақ ретінде шақырылып, тамашаладық. Осы хатты мен айтып, немерем жазып Сізге жолдап отырмыз. Болған оқиға негізінде түсірілген аталған кинотуынды өзінің шынайылығымен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық рухты насихаттау жолында көп пайдасын тигізді деп ойлаймын. Ал енді осы мақсаттағы игілікті іске менің ұлым Қалмаханның өмірі, жүріп өткен жолы арқау болғаны – көңілге аз да болса медеу. Осылайша Отанын қорғау жолында апат болған боздақтарымызды ұмытпай, жас буынға үлгі-өнеге етудің арғы жағында терең ой, астарлы ақиқат жатқаны шындық. Он перзент сүйіп, тәрбиелеген «Батыр Ана» ретінде осындай кинотуындының жарыққа шығуына атсалысқан азаматтарға алғыс білдіремін.

Құрметпен, старшина Қ.Бақбаевтың анасы –Ұрқия Бақбаева Шымкент қаласы, Ынтымақ ауданы


580610 14-11-2019 - 18:38 Темиралиева Камчат Алғыс хат


Мен Теміралиева Кәмчат Амангелдиева 1980 ж.т., Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, атап айтқанда ЖД-158/1 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Т.Д.Тоғызбаевқа және мекеме қызметкерлеріне үлкен алғыс айтқым келеді. Яғни, 14.11.2019 жылы ЖД-158/1 мекемесінде отырған күйеуім Н.Р. Дүйсенбаевқа сәлем-сауқат алып келген болатынмын, 10 сағат 15 минут шамасында мекеменің сәлем сауқат қабылдау бөлмесінде өзімнің 50 000 тұратын ұялы телефонымды ұрлатып алдым. Осы мекеменің жедел бөлімінің бастығы Т.Тоғызбаев дер уақытта әрекет етіп, маған 15 минут ішінде менің ұрланған ұялы телефонымды тауып берді. Менің 7 балам бар, "Алтын алқа" иегерімін, бұл телефон табылмаған жағдайда қайтадан телефон алатын жағдайым жоқ еді. Себебі жолдасым да қазіргі таңда тергеу изоляторында отыр.

Уақытылы және жедел ұйымдастырылып жүргізілген жұмыстың арқасында мен телефонымды қайта алдым, және ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлеріне шын жүректен үлкен алғысымды білдіремін! Өз ісіне жауапкершілікпен қараған, елдің сенімін ақтаған қызметкерлердің бай тәжірибесі – бүгінгі күннің жетістіктері. Әрқашан да халыққа көмек көрсетуге, қол ұшын беруге дайын ағаларымыз өскелең ұрпаққа, жас қызметкерлерге өнеге, үлгі болып келеді.

Темиралиева К.А.


Құрметті Ерлан Заманбеұлы!


Үстіміздегі жылдың шілде айының 5-і күні Астана- Семей бағытындағы жолаушылар поездында белгісіз біреулер менің ұялы телефонымды ұрлап кеткендігі туралы Семей қаласындағы темір жол желілік полиция бөліміне арыздандым. Бүгінгі күні ұрланған телефонымды сол полиция бөлімінің қызметкерлері: қылмыстық іздестіру бөлімшесінің бастығы майор Шарипов Данияр мен тергеуші Маратов Нұрсұлтан жедел тауып, қайтарып, берді. Сол үшін Сізге және қарауыңыздағы осы екі азаматқа үлкен алғысымды білдіргім келеді. Осындай қызметкерлер полиция абыройын көтеріп, басқаларға үлгі болсын деген мақсатта жоғарыда аталған екі қызметкерлерінізді марапаттауыңызды сұраймын.



577468 26-10-2019 - 10:54 Жүнүсбек Нұрсұлтан


Қайырлы күн! Мен жол көлік оқиғасынан кейін әкімшілік тәжірибе бөліміне келдім, №5 кабинетке хабарластым, мені капитан Дуйсебаева С. жылы жүзбен қарсы алып барлық шаруаны өзі істеп, әрі бері жүгіріп, алыстан келгенімді ескеріп барлық документтердің көшірмесін өзі істеп, жүргізуші көлігімді тез алып берді. Өз басым бұндай қызметке таңқалдым, Ішкі істер органында осындай қызметкерлер көп болса екен.



564755 26-08-2019 - 12:57 Срымбетова Атиркул


Уважаемый г-н Тургумбаев Е З. я на счет своего обращения от 19.08.2019 8 Номер обращения 563627, сообщаю. что сосед -бизнесмен из 25 квартиры мне возместил ущерб. купил новый самокат моему внуку. и поговорил с Диясом из 26 квартиры. С этим мальчиком поговорили и соседи и Инспектора по имения Жания и еще была какая то женщина инспектор я ее имя не запомнила. Я благодарю соседа из 25 квартиры и инспекторов за хорошую работу. и благодарю вас за то что вы подняли вопрос по моей теме. Успехов вам в вашей трудной работе. Сейчас инцидент исчерпан. Инспекторами вопрос взят на контроль. и самое главное рад мой внук. появился его любимый самокат. Соседи между собой решили больше не конфликтовать.



581636 21-11-2019 - 10:33 Тусупова Назым


Здравствуйте. Вчера в г. Костанай в кинотеатре Казахстан прошел предпоказ фильма Казбат. Хотелось поблагодарить за качественную и интересную работу. Фильм очень понравился. До самого конца фильма волновалась за судьбу героев, за их душевное состояние: так искренне были показаны ситуации, в которые они попадали. Этот фильм стоит показывать растущему поколению, чтобы они росли такими же патриотами нашей Родины!



580428 13-11-2019 - 17:43 ЗАВАРЫКИН ВАДИМ ГЕННАДЬЕВИЧ


Хотел бы поблагодарить Вас и Ваших подчиненных за работу, которую Вы проводите. Благодаря большей открытости МВД, решать насущные ежедневные вопросы, а также проблемы стало намного проще. В дополнение хотелось бы поблагодарить отдельно Начальника Ескельдинского РОП - майора полиции Ширбаева Ернара Мырзахметовича, а также всех его подчиненных за ту работу, которую они ежедневно проводят, а также за то, что данные сотрудники не оставляют без внимания ни одно обращение от граждан. Данный РОП расположен в с. Карабулак, Алматинской области. Очень бы был признателен, если бы мое письмо, которое я прилагаю к данному обращению нашло своего адресата. Письмо прикреплено к обращению.




Начальнику
Департамента полиции
по Алматинской области
генерал-майору полиции
Урумханову Мурату Жалеловичу
от Заварыкина Вадима Геннадьевича
прож. Алматинская область,
Ескельдинский район, с.Карабулак



Благодарственное письмо


Хотел бы выразить свою признательность, а также сказать «Огромное спасибо» начальнику Ескельдинского РОП – майору полиции Ширбаеву Ернару Мырзахметовичу, а также всем его подчиненным, за ту работу, которую они выполняют, за то, что оперативно реагируют на устные и письменные заявления граждан. Хотелось бы начальника данного РОП отдельно за то, что двери его кабинета открыты для обычных граждан, что в наше время встречается очень нечасто. Благодаря хорошей организации работы, произведенной начальником Ескельдинского РОП, обращения граждан рассматриваются и указанные в обращениях проблемы решаются в тот же день, в течение нескольких часов с момента обращения. Очень надеюсь, что организация работы в данном РОП послужит положительным примером для остальных отделений полиции и в скором времени в стране наступит полный порядок, поскольку народ будет уважать полицию, а также соблюдать закон.

Большое спасибо за Вашу работу!


С уважением,
Заварыкин Вадим Геннадьевич

AUTHORIZATION
Registration

President
http://


os
Общественная приемная
СПАСИБО, ПОЛИЦЕЙСКИЙ!
MEMORIAL
v
Public services
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/mvd_nav_activ/Multimedia?_piref133_73963144_133_73963083_73963083.selpageid=133,128984
Часто задаваемые вопросы

 News subscription
Here you can subscribe for the IIM portal news feed
Unsubscribe
USEFUL INFORMATION ABOUT THE PORTAL
HELPLINE
1402