AUTHORIZATION
Registration
НАВИГАЦИЯ
.
MIA SERVICES- BLOG OF THE HEAD OF DIA- ANSWERS TO THE QUESTIONS
Select heading:

  
Enter question number for search:

Введите текст вопроса для поиска

  
22.02.2019   ( Question number: 15439)
Question:  Құрметті, Қайрат Болатұлы! Мен сізге 17.09.2018 жылы жеке блогыңызға хат жолдаған болатынмын. Маған жауап берілген хатта Бастықтың орынбасары Н. Анарбаев Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің өндірісіндегі қылмыстық іс жаңғыртылып, тергеу жұмыстары жалғасуда делінген.Алайда 2018 жылдың қыркүйек айынан бері еш нәтиже жоқ. Қызылорда ІІМ тергеу бөлімінің сылбыр қимылының әсерінен қылмыстық іс бойынша күдікті азаматтардың аты-жөні тұрғылықты мекен-жайы анықталғанымен және олардың сол қылмысқа қатысы бар екеніне дәлелдеме ретінде бейнебақылау жазбасы болса да, (бейнебақылау жазбасына сараптама осы күнге дейін жасалынған жоқ) ешқандай шара қабылданбай отыр. ҚР азаматы ретінде Сізден 2 жылдан бері шешімін таппай келе жатырған осы қылмыстың ашылуына септігіңізді тигізуді сұраймын.
Answer:  Сіздің, Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының блогына 20.02.2019 жылы бөтеннің мүлкін қасақана жою қылмыстық ісі бойынша тергеп-тексеру жан-жақты, толық және объективті түрде жүргізілмеуіне байланысты жазған арызыңыз Қызылорда облысының Полиция департаментінің тергеу басқармасымен қылмыстық іс құжаттарын зерделеу арқылы қаралды. Нәтижесімен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен тіркелген қылмыстық іс бойынша өтініште көрсетілген уәждеріңізді толығымен тексеру мақсатында қылмыстық істің тергеп-тексеру мерзімі қайта жаңғыртылып, істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеу үшін жазбаша нұсқау берілді. Сонымен қатар, қорғануға құқығы бар куәлер қылмысқа қатыстылығы тексерілуде. Сондай-ақ, қылмыстық істің тергелу барысы Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының бақылауына алынды. Егер де, Сіз қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, прокуратура органдарына шағымдануға құқығыңыз бар екенін түсіндіремін. Бастықтың орынбасары Б.И. Байгелді

18.01.2019   ( Question number: 15064)
Question:  Уважаемый Кайрат Болатович. Ранее я обращался к Вам с просьбой о водворении принадлежащей мне автомашины на штрафстоянку. Я получил скорый ответ от Зам. начальника УМПС ДП А. А. Оспанова. Мне разъяснили, что я должен предоставить постановление. Как мне теперь отправить электронный вариант документа напрямую? Контактов не нашел, эл. адрес не указан, в форме для заполнения невозможно прикрепить файл. Заранее благодарим за помощь. Номер предыдущего вопроса - 15013
Answer:  Сообщаем Вам о том, что необходимо направить через АО «КазПочта» на адрес: г. Кызылорда ул. Жибек жолы №22, в Управление местной полицейской службы ДП Кызылординской области постановление суда о водворении данной автомашины на штрафную стоянку. Заместитель начальника А.Оспанов

05.01.2019   ( Question number: 15013)
Question:  Прошу Вас оказать содействие в задержании и водворении на специализированную автостоянку автомашины марки Mercedes Benz S500, гос. номер 484 CBA 02, принадлежащей мне. На данную машину выставлен арест Департаментом Государственных Доходов в связи с неуплатой налогов (имеется решение Суда). Автомашину я продал 2 года назад, но она не была переоформлена на нового хозяина. По имеющейся информации данная машина передвигается по городу Кызылорда больше года (имеются фотографии с камер наблюдения). Более того, выписывались протоколы, но машину отпускали, хотя в базе стоит арест (задержание и водворение на стоянку). Заранее благодарен за помощь.
Answer:  На Ваше обращение сообщаем о том, что была проведена проверка и установлено: по базе «Auto Search» МВД РК автомашина марки «Mercedes Benz» с гос.номером 484СВА02 числится в аресте, чтобы не было дальнейшего переоформления . Чтобы данную автомашину принудительно выдворить на штрафстоянку. Вам необходимо предоставить постановление или решение суда. В случае несогласия с принятым решением по результатам рассмотрения обращения, Вы вправе обжаловать его в установленном законодательством порядке (статья 12 Закона Республики Казахстан от 12 января 2007 года «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц»). Заместитель начальника УМПС ДП Кызылординской области А.А.Оспанов

28.09.2018   ( Question number: 14253)
Question:  Құрметті, Қайрат Болатұлы! 26.03.2017 жылы жергілікті уақыт 15:00 минут шамасында өзімнің басқаруымдағы «Toyota Саmrу» маркалы м/б 971 ЕНА 11 автокөлігін Қызылорда қаласы, Қожа Ахмет Яссауи көшесінің бойымен басқарып келе жатырып, Шұғыла көлік жуу орталығы тұсында жол жиегінде орналасқан жол бетінде орналасқан бүдірді айналып өтпекші болып, қарсы бағытта келе жатқан азамат К.Абилдаевтың басқаруындағы «Audi А6» маркалы м/б 035 АОА 11 автокөлігімен соқтығыстым. Осыған байланысты сол күні 26.03.2017 жылы жергілікті уақыт 19:00 минут шамасында полиция қызметкерлерімен менің автокөлігім айып тұрағына сақтау үшін тапсырылып, өз кезегінде айып тұрағы бойынша сол күнгі кезекші "Қызылорда тазалығы" ЖШС-нің қызметкері Н.Менлибаевпен қабылданып алынды. Мен автокөлігімді тапсырған кезде тек қана автокөліктер соқтығысу салдарынан алдыңғы жағы деформацияланған болатын, соктығысу барысында автокөліктер өртенген жоқ. Алайда, 02.04.2017 жылы сағат 15:00 минут шамасында полиция қызметкерлерінен автокөлігім айып тұрағында өртенгендігі туралы хабарлама келді. Хабарды ести жедел түрде айып тұрағына жеткенімде «Audi А6» маркалы м/б белгісіз автокөлігі өртеніп соның салдарынан жанында тұрған менің «Toyota Саmrу» маркалы м/б 971 ЕНА 11 автокөлігім өртеніп кеткеніне көзім жетті. Сол жерде полиция қызметкерлеріне "Қызылорда тазалығы" ЖШС-нің үстінен арызданған болатынмын. Жоғарыда аталған дерек бойынша 02.04.2017 жылы ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне №174310031001983 реттік санымен тіркелген. Алайда осы қылмыстық іс бойынша кінәлі азаматтар анықталғанымен және де дәлелдеме ретінде сол уақытта түсірілген бейнебақылау ұсынылсада қазіргі таңға дейін Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасынан ешқандай нәтиже жоқ, іс сотқа жетпей маған келтірілген шығын өндірілген жоқ. Жоғарыда көрсетілген деректерге сүйене отырып, Сізден осы істі өз қадағалауыңызға алып кінәлі азаматтар жазаға тартылып, маған келген шығынды өндірілуін сұраймын!!!
Answer:  Сіздің жазған арызыңыз (20.09.2018 жылғы №ВП-307) Қызылорда облыстық ішкі істер департаментімен қаралды. Арызда көрсетілген уәждеріңіз бойынша, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің өндірісіндегі қылмыстық іс жаңғыртылып, өрт оқиғасына қатысты адамдарды анықтау бағытында куәлардан жауаптар алынып, бірқатар қосымша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар, іс бойынша ұсынылған бейнежазбаға сараптама тағайындау жөнінде нұсқау беріліп, жедел-іздестіру шаралары әрі қарай өз жалғасын табуда. Нәтижелері бойынша Сізге қосымша хабарланады. Егерде Сіз шағымыңыздың қарау нәтижесімен берілген жауап хатымен келіспесеңіз, заңмен белгіленген тәртіпте шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Бастықтың орынбасары Н. Анарбаев

06.09.2018   ( Question number: 14176)
Question:  Құрметті, Қайрат Болатұлы! Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Шиелі кенті, Абай к-сі № 73 үйде ұрлық болғандығы туралы Шиелі аудандық ішкі істер бөліміне арызданған болатынбыз. Бүгінгі күні тергеушілер істің уақытша тоқтап тұрғанын айтты. Осы ұрлықты жасады деген күдікті адамға 3-4 дәлел болғанына қарамастан, істің сотқа жіберілмеуінің себебін түсінбедік. Дәлелдердің екеуін тізбектеп өтетін болсам: - Үйден сол затты ұрлап кету үшін такси шақырылған және шақыру үшін қоңырау шалған нөмір «Сұңқар Такси» диспетчерінің журналына тіркелген, яғни ол нөмір күдіктіге тиесілі. - Ұрланған затты және сол затты алып шыққан адамды тасып жүрген таксист те тану (опознание) барысында сол күдіктіні көрсетіп отыр. Жоғарыда айтылған жайттарды ескере отырып, істің тоқтамай, ары қарай жалғасуына, кінәлі адам заң жүзінде жауапқа тартылуына ықпал етуіңізді сұраймын. Алдын ала рахмет!
Answer:  Арызыңызда көрсетілген уәждеріңіз бойынша, 26.04.2018 жылы Шиелі аудандық ішкі істер бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру нәтижесімен, 01.06.2018 жылы ҚР ҚПК-нің 45-бабының 7-бөлігінің 1-тармағымен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның анықталмауына байланысты, істің тергеу мерзімі үзілген. Сіздің уәждеріңізді ескере отырып, Ішкі істер департаментінің нұсқауына сәйкес, 05.09.2018 жылы қылмыстық істің өндірісі жаңғыртылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабының талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі тиіс тергеу әрекеттерін орындау жөнінде нұсқау берілді. Өтініште көрсетілген барлық уәждеріңіз мұқият тексеріліп, қылмыстық іс бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатындығын хабарлаймын. Қылмыстық іс бойынша қабылданған шешім бойынша Сіз қосымша хабардар етілетін боласыз. Егерде Сіз шағымыңыздың қарау нәтижесімен берілген жауап хатымен келіспесеңіз, заңмен белгіленген тәртіпте шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Бастықтың орынбасары Н.Анарбаев

    1     2     3     4     5      
2050
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/mvd_nav_main1/100_steps
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/MVD/mvd_nav_main1/consultative_and_advisory_bodies
media
   News subscription
Here you can subscribe for the IIM portal news feed
Unsubscribe
Go to top